Гуманитарлық бөлімнің циклдік әдістемелік комиссиясының пәндік декадасы (ВИДЕО)

Бүгін гуманитарлық бөлімнің циклдік әдістемелік комиссиясының пәндік декадасының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл – білім, талант және креативтілік тоғысатын, ал жасанды интеллекттің мүмкіндіктері оқыту мен шығармашылықта өз лайықты орнын табатын ерекше кезең.

Декаданың мақсаты – педагогтар мен студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін, сыни ойлауын және коммуникативтік мәдениетін ашу.

13–22 қазан аралығында педагогикалық шеберлікті, зерттеу және креативті дағдыларды дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған.
Декада 22 қазанда ең белсенді қатысушыларды марапаттау және қорытынды шығарумен аяқталады!
Барлық қатысушыларға жарқын әсерлер, шығармашылық жаңалықтар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji