Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz) педагогтердің бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды:
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары) – 1 ставка (720 сағат), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) жалақысы 155000,00 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ, мемлекеттік тілде оқыту – 1 ставка (720 сағат) жалақысы 155000 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қоймай;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету) – 1 ставка (720 сағат), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) жалақысы 155000,00 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету) – 1 ставка (720 сағат), жалақысы 155000,00 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойлмайды;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГ – 1,0 ставка, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) жалақысы 137000,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
– студенттер мен тәрбиеленушілердің психологиялық жай-күйін қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, қиын өмірлік жағдайларда, оның ішінде девиантты мінез-құлықпен байланысты жағдайларда олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– «Педагогика және психология», «Әлеуметтік ғылымдар» («Психология» білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін– 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ – 1,0 ставка, жалақысы 145000,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
– басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісілген оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады;
– білім беру ұйымдарының барлық алқалық органдарының жұмысына қатысады.
– жастардың қызметіне қатысты мәселелерді қарайды, студенттік бірлестіктердің баяндамаларын, есептерін тыңдайды;
– мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;
– студенттердің мүдделерін қозғайтын білім беру ұйымдарының ережелерін, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;
– студенттердің тұрмысы мен демалысын ұйымдастыруға қатысады;
– студенттердің мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге қатысады;;
– студенттердің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысады;
– білім беру ұйымының жастар ісі және қоғамдық өмір комитетінің қызметіне белсенді қатысатын студенттерді оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
– студенттердің ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен үй-жайларын пайдалану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
– білім беру ұйымының басшылығына студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
– оқудан тыс іс-шараларды жоспарлауға, дайындауға, өткізуге және талдауға тікелей қатысады;
– білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізеді;
– жастар ісі жөніндегі комитетке оқуға түсетін студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды;
– студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
– студенттердің демалуына жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;
– ТжКБ ұйымдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар мен мекемелер басшыларының алдында студенттердің мүдделерін білдіреді және қорғайды;
– студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамытуға ықпал етеді;
– жастардың волонтерлік қызметін дамытуды үйлестіреді;
– білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
– және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымындағы педагог-шебер үшін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
– және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс.
ЖАТАҚХАНА ТӘРБИЕШІСІ- 1,0 ставка, жалақысы 137000,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
– жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
– тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
– білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
– жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
– ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;
– білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
– білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
– және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;
– және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 18 тамызынан бастап 2025 жылдың 26 тамызға дейін
Конкурстық комиссияның отырысы 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10.00-де өтеді
Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) жеке медициналық кітапша
психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
10) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
11) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
12) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS – айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
13) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
14) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
