JuniorSkills (ВИДЕО)

5 сәуірде Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Хореография» құзыреттілігі бойынша JuniorSkills кәсіби шеберлік байқауы өтті, оған Ақсу қаласының №4 ЖОББМ, №8 ЖОББМ және Евгеньевка кенті Ю. Гагарин ат. ЖОББМ оқушылары қатысты.

«Би өнерінің кәсіби шебері» атағы үшін сайыста ең дарынды жастар бақ сынады.
Байқау 3 модульден тұрды:

🔹пластикалық импровизация;
🔹бидегі бағыт;
🔹хореографиядағы бейне.

Байқауға қатысушыларды колледж педагогтары, сондай – ақ төртінші курс студенттері-хореографиялық ұжымдардың болашақ жетекшілері бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Евгеньевка кентінің мектеп оқушысы Таворский Александр иеленді, 2-ші орынды №4 ЖОББМ оқушысы Мирахметов Руслан, 3-ші орынды №8 ЖОББМ оқушысы Шамкин Александр және №4 ЖОББМ оқушысы Боранбаев Темирлан иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, қатысушыларға қатысу сертификаттары табыс етілді. Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji