Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының білім беру басқармасының
«Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» КМҚК
БЕКІТЕМІН
колледж басшысы
______З.Хайргельдин
2018 ж. « ___»_______
«КӨПТІЛДІЛІКТІ ДАМЫТА ОҚЫТУ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
АҚСУ 20018
Авторлары:
Жаксыбекова Рымтай Тлеукабыловна – Тілдер циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы.
Галимова Сауле Женисовна – қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі пәндердің оқытушысы.
Каркенова Гулиман Серикпаевна – ағылшын тілі оқытушысы.
Бағдарлама циклдік әдістемелік комиссиясында қаралды
Хаттама № 8 «10» сәуір 2018 жылы
Тілдер циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы_____________
ТҮСІНІК ХАТ
Бағдарлама көптілді оқып терең үйренем, ал үштілді әрі қарай дамытам деушілерге арналған. Оқыту бағдарламасы оқытудың төмендегі нормативтік-құқықтық базасына сүйенді:
1.«Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, №151, 11.07.1997ж.;
2.ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
3.ҚР мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері. – Астана: Елорда, 2003 жыл. – 104 бет;
4.“Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығы.
Бағдарлама келесі тарауларды енгізеді: грамматикалық материал, лексикалық
тақырыптар.
Бағдарламада үш тілде берілген грамматикалық материалдар теорияны жаттап, талдау үшін емес, сөйлесудің құралы ретінде ғана беріліп отыр.
Үйретілуге тиісті сөздер мен грамматикалық материалдардың сұрыпталуы, грамматикалық құрылымдардың жүйесі, жаттығуға және тіл дамытуға арналған мәтіндердің сипаты осы лексикалық тақырыптардың мазмұнына бағындырылған.
Бағдарламаны осылайша кешенді құрастыру көптілді үйренушілердің сөздік қорын молайтып, сөздердің ішкі мағыналарын дұрыс ұғындырып, сол сөздер арқылы сөйлем ойлауына, сөйлеу тілін дамыта отырып, латын қаріптерін біртіндеп меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламада үш тіл қазақ тіл – мемлекеттік тіл, орыс тіл – ресми тіл, ағылшын тіл – халықаралық қарымқатынас тілі қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты:
Орыс тілді,қазақ тілді аудиторияларға қазақ тілін, орыс тілін,ағылшын тілін, практика жүзінде қолдана алатындай дәрежеде меңгерту және оларды сөйлеу қызметі барысында қолдануға дағдыландыру.
Міндеттері:
- Қазақ,орыс,ағылшын тілінде ресми қарым-қатынас жасауға дағдыландыру.
- Үштілде сөйлем құрастырудың әдіс-тәсілдерін практикалық жолмен үйрету.
- Сөйлеу барысындағы қарым- қатынас түрлерін түрлі жағдаяттық жаттығулары арқылы үйрету.
- Жаттығулар арқылы латын әліпбиінің ресми жазылым техникасын меңгерту.
- Эссе, сараптамалық талдау, аналитикалық жазба, жобаларды практикалық жағынан меңгерту.
- Әр тілдегі сөздіктерді (аударма, түсіндірме) дұрыс пайдаланып, сауатты жазуға машықтандыру.
- Сипаттау, баяндау, хабарлау, және аралас пайымдау элементтері бар мәтіндерді оқуға, тыңдауға, мазмұндауға және жазуға үйрету.
Бағдарламаның кезеңдері:
Бағдарлама тілді оқытуға 1-курстан бастап оқитын кәсіби дайындықтың қыр-сырын терең білуге сонымен қатар, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың беретін мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған. Бағдарлама 2 курстан тұрады.
Бұл кезең бағдарлама бойынша 1-2 курстарда жүзеге асырылады
- Оқыту, мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру.
- Білім беру үрдісінде бірінші (негізгі) тілді қолданатындығының кепілдігі.
- Екінші тілде оқыту, арнаулы білім әлемін ұғыну түрі ретінде.
- Ағылшын тілін оқыту халықаралық байланыс орнату ретінде.
- Мамандықтың профилін ескере отырып, арнаулы тілді ( кәсіби тілде) оқыту.
Білімді бақылаудың әдіс-тәсілі
- 1. Тестік тапсырмалар:
– алғашқы білімін тексеру бойынша тест тапсырмалары;
– аралық бақылау тест тапсырмалары;
- 2. Жазылым түрлері:
– эссе;
– жат жазу;
– шығарма;
– мақала
- 3. Айтылым түрі:
– сипаттау, баяндау, хабарлау, пайымдау түріндегі мәтіндерді оқу, әңгімелеу, мазмұндап айту, жазу;
Тіл үйренем деушілерге арналған өзіндік жұмыс түрлері:
– берілген мәтінді оқып, түсіне білу, мазмұндау;
– сөйлейтін сөзінің жоспар құру;
– диктант (сөздік, көру, есту, графикалық, терме);
– мазмұндама (тірек сөздер арқылы, жоспар арқылы);
– эссе (суреттеу, сипаттау, ойтолғаныс);
– монолог мәтін құру, айту;
– шығарма жазу;
- жағдаят бойынша диалог құру, қатысу;
- полилог құру, қатысу;
- рөлдік, іскери ойын түрлеріне қатысу;
- газет-журнал материалдарын оқу, түсінгенін айту;
- телехабарларды көріп, түсінгенін айту;
- мақала жазу;
– тестік тапсырмаларды орындау.
Үш тілде тіл үйрету деңгейлері:
–Бастаушы топ.
І кезең
дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру
-Жетілдіруші топ
ІІ кезең
сөйлеу әрекетін дамыту
-Жалғастырушы топ
ІІІ кезең
қатысым әрекетін жетілдіру
Топтарға берілетін тапсырмалар жүйесі:
1 – грамматикалық тест
2 – шығарма
4 – ауызша әңгімелесу
5 – қосымша білімдері (мақал-мәтелдер,жағдаяттық тапсырмалар,пікірталас, әндер т.б.).
Бағдарламаның өзектілігі:
- кәсіби салада коммуникативтік құзыреттілігі дамыған жеке тұлғаны дамыту;
- көптілділікті үйрету барысында ресми жазылым дағдысын қалыптастыру;
Бағдарламаның ерекшелігі:
- тақырыптардың тіл үйрету деңгейлеріне топтастырылып берілуі;
- деңгейге сәйкес тақырыптардың қамтылуы;
- ресми жазылымды қалыптастыруға арналған тапсырмалардың мол берілуі;
- жазу мәдениетін қалыптастырып, эссе жазу дағдысын жетілдіруге мән берілуі;
Тіл қолданушы өзінің коммуникативтік мүмкіндіктерін мынадай қатысым жағдаяттарында (әр деңгей тыңдаушысының мүмкіндігі ескеріледі) жүзеге асырады:
- әлеуметтік-тұрмыстық салада;
- мәдени-әлеуметтік салада;
- іскери-әлеуметтік салада;
- кәсіби техникалық салада;
- ғылыми-өндірістік салада;
- қоғамдық-саяси салада жауаптасып, өз ойын білдіре, сөйлесе, жаза алады.
Күтілетін нәтижелер:
Бастаушы топ материалын меңгерген тіл үйреушілерден күтілетін нәтиже:
-қарапайым ақпараттық материалдың және қарапайым қысқа сипаттамалардың негізгі идеясын түсіне алады;
– күнделікті тілдік қолданыстағы және мамандыққа қатысты шектеулі мәтіндерді оқи алады, монолог пен диалогты түсініп тыңдай алады;
Жетілдіруші топ үйренушілерінен күтілетін нәтиже:
– күнделікті немесе кәсіби-бағдарлы тілмен жазылған және нақты мәліметті
беретін таныс тақырыптағы қарапайым қысқа мәтіндерді түсіне алады;
– таныс тақырыптарға қысқа, қарапайым баяндама жасап, баяндама бойынша сұрақтарға
жауап бере алады;
– cұхбат барысында қайталау мен түсіндіруді сұрай отырып, өзіне таныс тақырыптарға
интервью беріп, пікірталасқа негізгі ойлар бойынша қатысымға үш тілде түсе алады;
– сөздерді қарапайым тілдесу және ресми жағдайда қажеттілікті шешу үшін
қолдана алады.
Жалғастырушы топ тіл материалдарын меңгерген тіл үйренушілерден күтілетін нәтиже:
– радиодан, үнтаспадан таныс тақырыптарға анық және жай айтылған мәтіндердегі негізгі мәліметтерді, өз кәсібі бойынша қарапайым және таныс тақырыптарға баяндалған дәріс пен сұхбаттарды, өз тәжірибесіне және т.б. жағдаяттарға қатысты таныс тақырыптарда жиі кездесетін сұхбаттарды, әңгімелерді таныс сұрақтар бойынша түсіне алады;
– әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және абстрактілі тақырыптағы ақпарттарды түсінеді, айналасында айтылып жатқан әңгімелерді қиындықсыз түсінеді,.
– кәсіби мамандық саласына қатысты дәріс, сұхбат, баяндамалардың және т.б. тақырыптың лингвистикалық күрделі хабарламалардың негізгі түпкі ойын үш тілде жатық түсіне алады;
– күнделікті қолданылатын материалдар, мысалы таныс оқиғалар мен олардың сипаттамасын тікелей баяндайтын (мазмұндайтын) газет мақалаларын; әртүрлі сезімдер мен тілектерді білдіретін жеке хаттарды; белгілі бір қондырғыны техника саласындағы (жабдықты) пайдалану жөніндегі нақты баяндалған нұсқауларды оқи алады;
– тіл қолданушы коммуникативтік тапсырмаға сәйкес ұсынылған тақырыпқа шығармашылық сипатта монологтық сөйлем құрайды, өзіне таныс қызықтыратын мәселелердің толық қатары бойынша қарапайым, нақты сипаттама бере алады, өз тәжірибесі бойынша сезімі мен әсерін қоса отырып, қарапайым мәтін құра алады;
– тіл қолданушы ресми-іскери, ғылыми қатысым саласында (өтініш, түсініктеме, түйіндеме, ұсыным, және т.б.) жазбаша жаза алады;
– ақпаратты кең тұрғыда хабарлай, сұрай алады;
– өзінің жеке пікірі, қорытындысын білдіре алады;
– диалог түрінде сөйлемді ұйымдастырып, диалогтың инициаторы бола біледі;
– оқиғаны осы шақ, өткен шақта баяндап, үш тілде өз пікірін білдіріп, түсіндірме және қорытынды бере алады;.
– түрлі жағдаяттарда сөйлеуге икемділік көрсетіп, дискурс жүргізе алады;
– БАҚ пен интернеттен көлемді жаңалықтарды түсініплатын қаріптерін оқып, және тыңдай алады.
Сөйлеу әрекеттері бойынша игерілетін білім көлемі
Бастаушы,және Жетілдіруші топта:
– тірек сөздер арқылы 10-15 сөйлемнен тұратын үш тілде эссе жаза алады;
– 150 – 160 сөзден тұратын мәтіндерді түсініп оқи алады;
– іскери,кәсіби қарым-қатынас бойынша сұхбаттасу, 10 сұрақ және 10 жауап көлемінде сұрақ қоюды және жауап беруді үйренеді;
– кәсіби тақырыптағы ақпараттарды түсіну, ойын жеткізе біледі (10 сөйлеммен).
Жалғастырушы топта:
– кәсіби салада 25-30 сөйлемнен тұратын эссе жаза алады;
– 160 – 250 сөзден тұратын мәтіндерді түсініп оқи алады;
– ойды 20-40 сөйлемге дейінгі көлемде монологты түрде жеткізе алады;
Жалғастырушы топта:
-Шығарма,эссені бағалау бес талап бойынша жүзеге асырылады
1)Сөйлемдерінің саны, яғни, шығарманың,эссенің көлемі;
2) Қамтылған сөздер, яғни, тіл байлығы;
3) Ой күрделілігі;
4) Тақырыптың ашылуы;
5) Сауаттылығы.
Қатысымдық тапсырмалар кешені:
- Мәтіндермен жұмыс;
- Жаттығу жұмыстары;
- Шығармашылық жұмыстар;
- Рөлдік ойындар;
Жағдаяттық тапсырмалар.
Қатысымдық мәтіндерге қойылатын талаптар
- Тіл үйренушінің деңгейіне лайықталған, оқуға, түсінуге жеңіл болуы
- Шынайы өмірде қажетті ақпараттың берілуі
- Мамандыққа бағыттап оқытуға негізделу
Бағдарламаның тақырыптық жоспар:
№п/п. | Тақырып мазмұнының атауы | Сағат саны |
1 | 2 | 3 |
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл (Бастауыш топ) | 12 | |
1 | Мемлекеттік тіл: Тіл Заңының 4-бабымен таныстыру.Эссе: «Мемлекеттік тілмен болашақ». | 2 |
2 | Өздік жұмыс: Тіл туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жаттау. | 2 |
3 | Бағдарлама: Мемлекеттік тіл туралы телехабарлар көру, әңгімелеу. | 2 |
4 | Тіл шеберлігі | 2 |
5 | «Латын тілін үйрену бүгінгі заман талабы» | 2 |
6 | Жағдаят бойынша шағын оқиғаны сахналау, баяндау.конференция | 2 |
Біздің топ | 10 | |
7 | Менің тобым: топ мүшелерінің мамандықтары. | 2 |
8 | Топтың мінезі: Мінез құлыққа қатысты лексика. | 2 |
9 | Мінездеме: Топ мүшелеріне мінездеме жазу. | 2 |
10 | Менің колледжім | 2 |
11 | Тақырып бойынша жағдаятық тапсырмалар. | 2 |
Топтық қарым-қатынас | 8 | |
12 | Топ мүшелерінің күн тәртібі. | 2 |
13 | Рөлдік ойын: «Топтар арасында» | 2 |
14 | Өздік жұмыс: «Менің бір күнім» | 2 |
15 | Сөздік жат жазу. | 2 |
Телефонмен сөйлесу мәдениеті (Жетілдіруші топ) 6 | ||
16 | Телефонмен сөйлесу мәдениеті: Телефонмен сөйлесуге қатысты лексика. | 2 |
17 | Ата-анамен сөйлесу: Баланың телефон арқылы сөйлесу жағдаяты. | 2 |
18 | Жағдаят бойынша диалог құрастыру. | 2 |
Мәдени әлеуметтік сала | 8 | |
19 | Менің қалам | 2 |
20 | Менің өлкемдегі тарихи есімдер | 2 |
21 | Рухани жаңғыру қаламыздың мәдени күндерінен | 2 |
22 | Материалдарды жинақтап баспа беттеріне жариялау | 2 |
Бос уақыт | 10 | |
23 | Бос уақытым: уақыт өлшемдері (сағат, тәулік, апта, ай, жыл мезгілдері). | 2 |
24 | Сымбатты болайық | 2 |
25 | Маусымдық киімдер. | 2 |
26 | Пікірталас: «Адам киімімен сәнді» колледж формасы | 2 |
27 | Шығармашылық жұмыстарды қорғау | 2 |
Сөйлеу мәдениеті | 10 | |
28 | Үштілде мәнерлеп оқу сайысы | 2 |
29 | Полиглот сайысы | 2 |
30 | «Қазіргі таңдағы үштілдің өзектілігі» | 2 |
31 | Үштілдегі пәндік олимпиадалар | 2 |
32 | Конференция,дөңгелек үстел қалалық қазақ тілі қоғамымен бірлескен | 2 |
Ұлттық тәрбие нышанының маңызы.(Жалғастырушы топ) | 14 | |
33 | Туған жер | 2 |
34 | Тәуелсіз менің елім | 2 |
35 | Латын әліпбиінің таңбалануы | 2 |
36 | Латын қарпін өмірге енгізу | 2 |
37 | 2050 жылғы Қазақстандықтар | 2 |
38 | Ауызша әңгімелеу | 2 |
40 | Дебат, ролдік жағдаяттық тапсырмалар | 2 |
Кәсіби техникалық салада | 16 | |
41 | Мамандығым мақтанышым | 2 |
42 | Кәсіпкер маман өндірісте | 2 |
43 | Менің таңдауым | 2 |
44 | Менің мамандығымның дәнекері болған өндірісті қалам Ақсуым | 2 |
45 | Кәсібімдегі үштілділік | 2 |
46 | Кәсіби сұхбат. Мамандардан сауалнама алу. | 2 |
47 | Маман тұлғасы. Маман тұлғасына қойылатын тілдік талаптар. | 2 |
48 | Қортынды Тест | 2 |