Қабылдау комиссиясы

2020-2021 оқу жылына

Жаяу Мұса атындағы

Ақсу жоғары көпсалалы колледжіне

 оқушыларды қабылдау

 ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1. Осы 2020-2021 оқу жылына Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжіне оқушыларды оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (2016 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың «Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 18 қазандағы №578 Қазақстан Республикасының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №746 Қаулысы, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №646 «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» («Серпін»), еңбек ресурстарын және қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау бұйрығы негізінде; 2015 жылғы 28 мамырдағы Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген  №153/5 «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

2. Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжіне (бұдан әрі – оқу орны) негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

3. Оқу орнына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Заңының 26 бап 8 тармағында айқындалған, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысымен оқу орнына оқуға түсу кезінде тұлғалар үшін қабылдау квотасы қарастырылған:

1) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарынан шыққан азаматтар -1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға және соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 0,5 пайыз;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары азаматтары – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 пайыз:

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары арасынан шыққан азаматтардың үлесі – 10 пайыз.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін қабылдау сұхбаттасу негізінде жүзеге асырылады.

5. Оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

      Күндізгі оқыту нысаны:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша

         Сырттай оқыту нысаны:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына сәйкес оқу орнында азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау, карантин, әлеуметтік және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қабылдау емтихандары өткізілмейді. Қабылдау комиссиясының жұмысы 2020 жылдың 20 маусымынан басталады. Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі қоса беріледі (3 қосымша).

7. Азаматтарды өңірлерге барып оқуға қабылдау бойынша колледждің қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тиісті саланың уәкілетті органымен ауызша келісім бойынша шешіледі.

8. Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат күндізгі оқу нысанына түсушілердің назарына 27 тамызға дейін, сырттай оқу нысанына қабылдау комиссиясының 20 қыркүйекке дейін ақпараттық стендтерде және колледждің интернет ресурстарында орналастыру арқылы жеткізіледі.

9. Азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік оқытудың білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі түріне – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін, оқудың кешкі және сырттай түріне – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін;

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 27 тамызына, оқудың кешкі түріне – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін   дейін жүзеге асырылады.

10. Оқуға қабылдау туралы өтінішке оқуға түсушілер қоса береді:

– білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

– көлемі 3х4 см 4 дана фотосурет;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық –әлеуметтік сараптама қорытындысы);

–  ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);

– жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

         Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

– шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

– азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

– босқын – босқын куәлігі;

– пана іздеген адам – пана іздеген адамның куәлігі;

– оралман – оралманның куәлігі.

         Оқу түрі бойынша және шарттық (ақылы) негізде түсушілерден түскен өтініштер жеке тіркеледі және есепке алынады.

         11. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

         – негізгі білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) – үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан және/немесе шығармашылық конкурстың және басқа да арнайы конкурстардың бағаларынан (шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар бойынша);

         – жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (11 – сынып) – төрт пән бойынша: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан және шығармашылық конкурс пен басқа да арнайы конкурстардың бағаларынан (шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар бойынша);

         – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, мамандық бейініне сәйкес келмейтін жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және шығармашылық конкурс пен басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтар бойынша);

         Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білімі туралы құжаттың (диплом) орташа балы.

          Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша шығармашылық байқау күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тікелей білім беру ұйымында өткізіледі.

         Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысымен бекітілген.

         Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттарды білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынады.

         12. Карантин, әлеуметтік, табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде өнер және мәдениет мамандықтарына түсушілер үшін шығармашылық конкурс күнтізбелік жылдың 21-28 шілдесі аралығында өткізіледі, олардың мазмұны мен бағалау өлшемдеріне қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды.

         Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар бойынша ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, шығармашылық және басқа да арнайы конкурстар өтеді.

         13. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсуші тұлғалар спорттық жетістіктері бар портфолио тапсырады.

14. Дәлелсіз себептермен конкурсқа келмегендер одан әрі конкурсқа жіберілмейді.

15. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және шығармашылық пәндер бойынша даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында 2020 жылғы 15 мамырдағы бұйрыққа сәйкес колледжде апелляциялық комиссия құрылды.

Пән бойынша конкурс нәтижелерімен келіспеген азаматтың апелляцияға беруге құқығы бар.

Апелляцияға өтініш қабылдау комиссиясына конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір күн ішінде қаралады.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының шешуші дауыс құқығы бар. Комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен рәсімделеді.

16. Пәндер бойынша шығармашылық конкурсты қайта тапсыруға жол берілмейді.

Білім алушылар құрамына қабылдау

17. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білім беру туралы құжаттарда көрсетілген орта конкурстық баллға сәйкес жүргізіледі.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және техникалық пен кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге неғұрлым қабілетті және дайын азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу бөліміне – 20 тамыздан 31 тамызға дейін;

2) сырттай оқу түріне-15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:

     – күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, сұхбаттасу нәтижелерін ескере отырып іріктеу негізінде;

     – сырттай оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, сұхбаттасу нәтижелерін ескере отырып іріктеу негізінде.

18. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, кәсіптер бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

19. Колледж Білім басқармасына белгіленген формалар мен мерзімдерге сәйкес және оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша мәтіндік есепті қабылдағаннан кейін жедел статистикалық есеп береді.

20. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің комиссиясы шешеді.

2017 – 2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды ұйымдастыру

21. Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі келесі мамандық бойынша құжаттарды қабылдайды:

0901000            «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық                              қондырғылары»

0906033 Техник – энергетик

         22. Бағдарламаның қатысушылары 9 сынып түлектері, оқу орнына түспеген, жұмыс іздеп жүрген, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар және аз қамтылған отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.

         23. Оқу орнына өтініш беру кезінде үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

2) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 086-У нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;

4) әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болса).

         Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды өзі немесе ата-анасы не заңды өкілдері ұсынады.

         24. Топтарды жинақтау 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

         25. Бағдарламаға қатысушыларды қабылдауды оқу орнының басшысы жүзеге асырады.

         26. Оқыту тегін негізде жүзеге асырылады.

№1қосымша

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі бойынша орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған қабылдау жоспары

Күндізгі оқыту

Сырттай оқыту бөлімі

№ 2 қосымша

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

№ 3 қосымша

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Сұрақтар мен ақпаратты пошта мекенжайына жіберуге болады: aksucollege@mail.ru

Немесе төмендегі форманы толтырыңыз:

    Like this post? Please share to your friends:
    Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji