ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАЯУ МҰСА АТЫНДАҒЫ АҚСУ ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
Қаралды: БЕКІТІЛДІ
педкеңес отырысында колледж басшысының
2019 ж.29.08. №___ хаттама 2019 ж. «____» __________
№_____ бұйрығымен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы Ереже
Ақсу, 2019
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Жаяу Мұса атындағы колледжде (бұдан әрі – «колледж») сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – «Комиссия») қызмет тәртібін, міндеттері мен құзыретін айқындайды.
1.2. Басшы қызметкерлердің, бөлімдердің сыбайлас жемқорлық себептері мен оларға ықпал ететін жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлық фактілері мен оның көріністерін анықтау және жолын кесу жөніндегі қызметін үйлестіру үшін колледжде Комиссия құрылады. Комиссия кеңесші орган болып табылады, ол жүйелі түрде жүзеге асыратын іс-шаралар кешені:
- сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
- колледж бөлімдеріне олардың ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың енуінен қорғаудың оңтайлы тетіктерін әзірлеу, оларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;
- сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша колледж қызметкерлерін ақпараттандыру және мониторинг бірыңғай жүйесін құру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау және тәрбиелеу;
- қызметкерлер мен білім алушыларда сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұртшылық пен БАҚ ынтымақтастыққа тарту.
1.3. Осы Ереженің мақсаттары үшін келесі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1.3.1. Сыбайлас жемқорлық – адамның берілген лауазымдық немесе қызметтік өкілеттіктерін жеке және/немесе мүліктік мүдделеріне заңсыз қол жеткізу мақсатында пайдалануынан тұратын құқыққа қарсы қызмет.
1.3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдар мен жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық қудалау, олардың салдарларын жою жөніндегі үйлестірілген қызметі.
1.3.3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық немесе өзге де жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықтың жекелеген көрінісі ретінде.
1.3.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілері – мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларын қалыптастыруға және іске асыруға уәкілетті мекемелер, ұйымдар мен тұлғалар, азаматтар. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың субъектілері:
- әкімшілік, оқытушылар құрамы және колледждің оқу-көмекші персоналы;
- колледж студенттері;
- колледж студенттеріне сапалы білім беру қызметін көрсетуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар.
1.3.5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері – өз мәртебесін қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы келетін пайданы заңсыз алу үшін пайдаланатын жеке тұлғалар, сондай-ақ мұндай пайданы заңсыз беретін адамдар.
1.3.6. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тудыратын немесе олардың таралуына ықпал ететін құбылыстар мен жағдайларды зерделеуге, анықтауға, шектеуге не жоюға бағытталған қызметі.
1.4. Комиссия өз қызметінде келесілерді басшылыққа алады:
– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын;
– «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын;
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 «Педагогикалық этика қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын және басқа да құқықтық актілерді;
– ҚР БҒМ «2011-2015 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл салалық бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
– 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін;
– Колледж жарғысын;
– осы Ережені;
– колледждің жергілікті құжаттары, басшының бұйрықтары және өкімдерін.
1.5. Осы ереже колледж басшысы бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.
2. Комиссияның міндеттері
Оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін Комиссия:
2.1. Әкімшіліктің және колледждің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруының басым бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
2.2. Әкімшілік пен құрылымдық бөлімшелердің сыбайлас жемқорлық себептерін және оларға ықпал ететін жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлық фактілері мен оның көріністерін анықтау және жолын кесу жөніндегі қызметін үйлестіреді.
2.3. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталған ұсыныстар енгізеді.
2.4. Колледж қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын-алу бойынша практикалық қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді.
2.5. Колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының субъектілеріне қызметкерлердің, сондай-ақ колледж студенттерінің қызметтік жүріс-тұрысының жалпы принциптерін тәжірибеде қолдануға байланысты мәселелер бойынша кеңестер береді.
2.6. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға (профилактикалық) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін анықтауға бағытталған шараларды іске асыру үшін құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Комиссияны құру тәртібі мен қызметі
3.1. Комиссияның құрамы басшының бұйрығымен бекітіледі.
3.2. Комиссия құрамына кіреді:
- колледж басшысының ОЖ жөніндегі орынбасары;
- басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары;
- басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
- кадрлар бөлімінің меңгерушісі;
- кәсіподақ комитетінің өкілі;
- колледж заңгері.
3.3. Комиссияның жұмысы комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалатын және басшы бекітетін жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
3.4. Комиссия жұмысының негізгі нысаны ашық сипаттағы отырыс болып табылады. Комиссия отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.
3.5. Отырыстардың, оның ішінде кезектен тыс отырыстардың өткізілетін күні мен уақытын Комиссия төрағасы айқындайды.
3.6. Комиссияның кезектен тыс отырыстары Комиссия мүшелерінің ұсынысы бойынша немесе Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша өткізіледі.
3.7. Комиссия отырыстарына оның мүшелерінің қатысуы міндетті. Олардың өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы.
3.8. Егер комиссия отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы, ол хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
3.9. Комиссияның шешімі бойынша немесе оның мүшелерінің ұсынысы бойынша, төрағаның келісімі бойынша Комиссияның отырыстарына әкімшілік мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және өздері басшылық ететін бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс мәселелері бойынша тыңдалуы мүмкін өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
3.10. Комиссия отырысына төрағамен келісім бойынша талқылауға қатысуға және талқыланатын мәселелердің мәні бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар жұртшылық өкілдері шақырылуы мүмкін.
3.11. Комиссия мүшесі азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді және комиссия қарайтын (қараған) басқа да құпия ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерді өз еркімен қабылдайды. Комиссия алған ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы заңнамада көзделген тәртіппен ғана пайдаланылуы мүмкін.
3.11. Комиссия құрамынан төраға болып төрағаның орынбасары және хатшы тағайындалады.
3.12. Комиссия төрағасының орынбасары комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша комиссия отырыстарын өткізеді. Комиссия төрағасының орынбасары өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
3.13. Комиссия хатшысы:
- Комиссия отырысына материалдарды, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
- Комиссия мүшелерін Комиссияның кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді, қажетті анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді;
- Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.
Комиссия хатшысы өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
3.14. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттама ресімделеді, оған Комиссия отырысында қаралған құжаттар қоса беріледі.
4. Комиссияның өкілеттіктері
4.1. Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру бойынша колледждің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
4.2. Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жетілдіру бойынша колледждің Педагогикалық Кеңесінің қарауына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысады.
4.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін әзірлеуге қатысады және олардың іске асырылуын бақылайды.
4.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша колледж әкімшілігі шығаратын нормативтік сипаттағы құжаттарға талдау және сараптама жүргізу бойынша жұмысқа жәрдемдеседі.
4.5. Колледж құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныстарды қарайды.
4.6. Қолданыстағы заңнаманың өзгерістерін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар енгізуге жәрдемдеседі.
4.7. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.
4.8. Өз отырыстарында колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілері, оның ішінде колледждің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тыңдалады.
4.9. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша колледж қызметін ұйымдастыруға, үйлестіруге және жетілдіруге қатысты шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осы шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
4.10. Комиссияның құзыретіне құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметін үйлестіру, прокурорлық қадағалауды, құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру және тергеу жұмысын жүзеге асыруға қатысу кірмейді.
4.11. Қаралатын мәселелерге байланысты комиссия отырыстарына қатысуға Комиссия төрағасының келісімі бойынша өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
4.12. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ұсынымдық сипатта болады, комиссия төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді, ал қажет болған жағдайда, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, басшының тиісті бұйрықтары мен өкімдерін қабылдау арқылы іске асырылады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең құқықтарға ие болады.
5. Комиссия Төрағасы
5.1. Комиссияны колледж басшысы болып табылатын төраға басқарады.
5.2. Төраға комиссия отырысының өтетін орнын, уақытын және күн тәртібін, оның ішінде оның мүшелері болып табылмайтын колледждің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен айқындайды, қажет болған жағдайда жұмысқа мамандарды тартады.
5.3. Комиссия мүшелері мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсыныстары негізінде комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын және оның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады.
5.4. Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік биліктің атқарушы органдарынан, құқық қорғау, бақылау, салық және басқа да органдардан ақпарат сұратады.
5.5. Өзінің орынбасарына, хатшысына және Комиссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
5.6 Комиссия отырысының хаттамасына қол қояды.
5.7. Комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
6. Комиссия мүшелерінің өкілеттіктері
6.1. Комиссия мүшелері:
- Комиссия төрағасына комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- өз құзыреті шегінде Комиссия жұмысына қатысады, сондай-ақ комиссия отырыстарының мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
- жекелеген мәселелерді шешу үшін Комиссия төрағасын өзінің ниеті туралы хабардар ете отырып, өздері мүшелері болып табылатын Комиссия жұмысына қатысады;
- Комиссия отырыстарына жеке өзі қатысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, Комиссия төрағасының атына қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол шешім қабылдау кезінде ескеріледі;
- Комиссия қабылдаған шешімдер мен өкілеттіктерді іске асыруға қатысады.
7. Өзара әрекеттесу
7.1. Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері тікелей өзара іс-қимыл жасайды:
- колледждің құрылымдық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жетілдіру мәселелері бойынша колледждің педагогикалық кеңесімен;
- колледж әкімшілігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік сипаттағы шығарылатын құжаттарға талдау және сараптама жүргізу бойынша жұмысқа жәрдемдесу мәселелері бойынша;
- колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шараларды қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Бухгалтериямен;
- колледждің құрылымдық бөлімшелерімен, жұмыскерлерімен (қызметкерлерімен) және азаматтармен колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты олардың жазбаша өтініштерін қарау бойынша;
- құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға (профилактикасына) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін анықтауға бағытталған шараларды іске асыру бойынша.
8. Өзгеріс енгізу
8.1. Осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Комиссия төрағасы жаңа редакциядағы ереженің жобасын дайындау жолымен жүзеге асырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Колледжде келесі құрамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылсын:
Комиссия төрағасы – Мырзалиева М.М., колледж басшысының ОЖ жөніндегі орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары – Аханова Г.Д., басшының ТЖ жөніндегі орынбасары
Жауапты хатшы– Авдонькина И.В. дауыс беру құқығынсыз, арнайы пәндер оқытушысы.
Комиссия мүшелері:
1. Адильжанова Д.И., басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары
2. Балагазинова А.К., кадр бөлімінің меңгерушісі
3. Смагулова А.Б., кәсіподақ комитетінің өкілі
4. Маликова И.А., колледж заңгері.
2. Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жауапкершілік басшының ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Д.Ахановаға жүктелсін.
3. Колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (1-қосымша)
4. Комиссия мүшелері тоқсан сайын, есепті тоқсанның соңғы айының 2-ші күні жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
6. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Танысу парағы
№ | Қызметкердің толық аты | Лауазымы | Танысу күні | Қызметкердің қолы |
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы
№ | құжат бөлімінің, кіші бөлімінің, тармағының, тармақшасының № | Өзгерістерді енгізу күні | Негіздеме (бұйрықтың №, күні) | Өзгеріс енгізу күні | Өзгеріс енгізген тұлғаның қолы |