Лайықты марапаттар

Ақсу қаласында өңірдегі білім саласы қызметкерлеріне арналған  «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. 

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің педаготары Ақсу қаласы әкімінің қолы қойылған Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

🔵Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Жанаргүл Тоқтарқызы Абдрахманова марапатталды. 

🔵Әсем Зайниденқызы Әбілшайықова Алғыс хат алды.

🔵Рымтай Тілеуқабылқызы Жақсыбекова Білім министрінің қолы қойылған «Техникалық және кәсіптік білім мен ісінің үздігі» дипломына ие болды.

ОДШОТО ұйымдастырған семинарға біздің мұғалімдер де қатысты.

Жыл қорытындысы бойынша біздің колледж спортты дамытудан екінші жүлделі орынға ие болды.

🔵Светлана Александровна Сабельникова бірінші лига колледждері арасындағы облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша үстел теннисінен жарыстың жеңімпаз командасын дайындағаны үшін Құрмет грамотасына ие болды. Сонымен қатар, Светлана Александровна колледж командасын облыстық спартакиадаға оқ атудан жарысқа дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

🔵Қыздар арасындағы шағын футболдан облыстық жарыстың жеңімпаз командаларын дайындағаны үшін Юлия Александровна Белокудрина Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, колледжіміздің командасы Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған аудандық округтер арасында өткен облыстық спартакиадада екінші орын алғаны үшін марапатталды.

🔵Сағындық Мағзұмұлы Әбілдинов облыстық спартакиадада әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстарға команданы дайындауға, сондай-ақ жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

🎉🎉🎉Педагогдарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji