Әлеуметтік серіктеспен кездесу!

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде дуалды оқытуды енгізу, сондай — ақ әрі қарай жұмысқа орналасу үшін сұранысқа ие және жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «ERG Service» ЖШС өкілдері-HR бизнес — серіктесі Попова Екатерина Игоревна және әлеуетті дамыту жөніндегі үйлестірушісі Темербаева Асель Ержановнамен кездесу өтті.

Кездесу барысында бұрыннан табысты ынтымақтастық атап өтілді, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудың басымдықтары талқыланды, сондай-ақ Кәсіпорынға жауапты бару және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы ұсыныс енгізілді.

Scroll to Top