«Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістері»

2021 жыл 08 ақпанда Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагогтар мектебі жоспары бойынша жас педагогтарға арналған  «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістері» атты оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: жас педагогтарға білім беру жүйесінің мазмұнын үйрету, білім беру ұйымдарында оқытудың  инновациялық әдістердін қолдану  бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинар спикерлерлері: А.Б.Мусатова-Албот «Колледждің тәрбие жұмысының жүйесі» тақырбын ашты, тәлімгер-оқытушы Ж.Т.Мубаракова  өз іс тәжірибесімен бөлісіп, топтың білім беру жүйесін моделдеу туралы айтып өтті. Оқытушылар А.Қ.Жантурина, А.К.Мысықбаева «Бейне сабақтарды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері», «Бейне сабақтарды құру мен редакциялаудың негізгі кезеңдері» тақырыптары бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар барысында колледж оқытушылары  KineMaster,  Pro Video Editor, Android ФотоШОУ PRO, YouTube видеохостинг атты бағдарламалар жайында ақпарат алды. Сонымен қатар, «Оқушылардың білім деңгейіне әсер ететін факторлар» тақырыбына жас педагогтар Г.А Джелкайдарова, С.С.Омірбек  тоқталды. Семинар соңында оқытушылар өз пікірлерін білдірді. 

Оқыту семинарын ұйымдастырушы: колледждің әдістемелік кабинеті

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji