Облыстық пәндік олимпиадасы

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша колледж студенттерінің облыстық пәндік олимпиадасы өтті.

Зияткерлік сайыс офлайн режимде ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданың басты мақсаты -студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін және шығармашылық қабілеттерін ашуға, сондай-ақ, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Олимпиадаға Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің 2 курс Дош 222 тобының студенттері арнайы пән оқытушысы Асель Тасболатқызы Кошумханованың жетекшілігімен қатысты.

Облыстық олимпиада үш кезеңнен тұрды.

«Тәрбиеші – білім тірегі» деп аталатын бірінші кезеңнің негізгі міндеті – ұжымдардың өзін – өзі таныстыру.

 Екінші кезеңде студенттер «Көркем шығармалардағы ұлттық құндылықтардың интеграциясы» атты сахналық қойылым көрсетті.

«Білім – күш…» деп аталатын үшінші кезеңнің тапсырмасы теориялық сайыс болды.

Колледж командасы барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, лайықты үшінші орынды жеңіп алды.

Қола жүлдегерлерімізді құттықтаймыз

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji