Онлайн зияткерлік ойыны өтті

16 наурызда «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ» тақырыбында Наурыз мерекесіне орай ойын-сауық іс-шарасы өтті.

Бұл зияткерлік шараға Жаяу Мұса атындағы Ақсу қалалық көпсалалы колледжінің «ДОШ-12» пен «ДОШ-31» тобының студенттері қатысты.

Шара барысында салт-дәстүр мен ас тарту туралы онлайн сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай қысқаша мағлұматтар берілді. Әсіресе,  студенттер аса қызығушылықпен атсалысып, белсенділік танытты.

Жалпы, бұл шараны  «Кітапхана ісі» мамандығының топ жетекшісі Л.Т.Смағұлова ұйымдастырған.

Негізгі мақсат – ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындардың мәнін теориялық және іс жүзінде ұғындыру, ұлттық салт дәстүр түрлерімен таныстыру, вкториналық сұрақтар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу болды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji