Қорытынды жасалды, жеңімпаздардың есімдері аталды…

Ақсу қаласының Жастар бастамалары орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға қаланың талантты балаларының бейнероликтері, театрландырылған қойылымдары мен суреттері ұсынылды. Қатысушылар қатарында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері бар. «Синяя птица» халықтық жастар театры қазылар алқасының қарауына ұсынған заманауи нұсқадағы «Ревизор» қойылымы «Бейнероликтер және театрландырылған қойылымдар» номинациясында бірінші орынға ие болды. Театр жетекшісі Нагорная Лариса Петровна.

Студент Молдабаева Даянаның авторлық жұмысы техникалық сараптамадан жақсы өтіп «Адал еңбек – жарқын болашақ» суреттер байқауында үздік деп танылды. Шығармашылық, идея жаңашылдығы, өзіндік ерекшелігі, ойлау икемділігі … Осының барлығымен байқау тақырыбын терең ашып, Даяна бір суретке сыйдырды!

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Байқау ұйымдастырушыларының пікірінше, оқушылар мен студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шығармашылық жобалар бүгінде қоғам үшін, атап айтқанда жастар үшін өте маңызды.

Байқаудың ұйымдастырушылары – «Павлодар облысы Қазақстан жастарының Конгресі» ҚҚ.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji