«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Жаяу Мұса атындағы АЖКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған сынып сағаты өтті.

 «Парасаттылық пен адалдық – табысты өмірдің кепілі» – С-13 тобының кураторы Мубаракова Жанылхан Тохановна өз іс-шарасын осылай атады.

 Сабақ барысында студенттер өмірлік жағдайлардан мысалдарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап берді, алған әсерлерімен және ойларымен бөлісті, қорытынды жасады.

«Адал адам қандай болады?», «Сізді алдаған кезде қандай сезімде боласыз?», «Сіз әрқашан адалсыз ба?» Жауаптар әр түрлі, бірақ қорытынды бірдей – әлем әділдік пен шындыққа негізделген.

Парасаттылық сабағы студенттерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері, жазалау шаралары, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі туралы түсініктерін кеңейтуге тағы да мүмкіндік берді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji