Павлодар облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК оқытушылары мен қызметкерлер мінез-құлқының СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: білім беру саласы.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Павлодар облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт  
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 ж. 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және колледж ұжымы мүшелерінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде туындаған, қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін ұсынады.
  2. Стандарттың принциптері:

           – заңдылық;

           – транспаренттілік;

           – әдептілік;

           – құқықтардың сақталуы және мүдделердің заңдылығы;

           – жанжалды жағдайларды болдырмау.

5. Білім беру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қызметкер өз қызметінде:

            – заңдылық принциптерін, Қазақстан Республикасы Конституциясының,  

            заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа  

            алуға;

           – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, құқық бұзушылықтарды ашуға белсенді  

           қатысуға, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты   

           болуға;

           – әріптестерден құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды   

           талап етуге және қолдауға;

– заңнамаға сәйкес келмейтін және кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге жәрдемдесуге бағытталған іс-әрекеттерді жасаудан тартынуға;

               – жеке және заңды тұлғалардың өз заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын  

            әрекеттерге/әрекетсіздікке жол бермеуге;

            – басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға

            көндірмеуге;

            – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы  

           Заңының 12-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес өзінің мемлекеттік немесе  

           оған теңестірілген функцияларын пайдаланғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың

           ақшалай қаражатын, қызметтерін, сыйлықтарын қоса алғанда, сыйақы

           қабылдамауға;

           – мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу немесе табу мақсатында таратылуға  

          жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

           – шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

           – қызмет бабын теріс пайдалануға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық  

          көріністеріне жол бермеуге;

           міндетті.

5.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

            – өзінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру;

            – орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығына күмәнданғаны туралы тікелей  

            басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;

            – жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы

            басшыға дереу хабарлауға;

           – қарамағындағы лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің

           көлемін нақты анықтау;

             – мүдделер қақтығысына жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына 

           сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

           – егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары

           тұрған  басшыға жүгіну қажет;

           – лауазымды адамдар арасында, егер олар бағынышты болса, еңбек жүктемесін 

           заңсыз бөлуге жол бермеу;

           – олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау

           шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту.

           5.3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде және әзірлеу  

            сатысында азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын

            мүлтіксіз ескеру;

            – әзірленген жобалар жоғары деңгейдегі НҚА қайшы келмеуі тиіс;

            – сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды

           пайдаланбау.

           5.4. Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар  

           кезінде:

           – сұрауларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға және дәйексіз мәліметтерді ұсыну  

           фактілеріне жол бермеу;

           – жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық

           өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс;

           – дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық

          фактілеріне жол бермеу;

           – туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды     

           іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;

           – нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттемелерінен тыс,   

           сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;

– өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру;

             – қызметтік әдепті сақтауға;

             – өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары

             туралы колледж басшылығының немесе Құқық қорғау органдарының назарына

             дереу жеткізуге міндетті;

             – Қазақстан Республикасының заңдарында жауаптылық көзделген теріс қылықтар  

             мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу.

            6. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

            6.1.Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтау;

            6.2.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтау;

            6.3.Еңбек заңнамасының, бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету,  

            еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету;

            6.4.Колледж қызметкерлерінің сыртқы келбеті олардың қызметтік міндеттерін  

            орындау кезінде жағымды имиджге, оқу орнының беделін нығайтуға ықпал етуі,

            іскерлік стильге сәйкес келуі керек, оның ерекшеліктері ресми, ұстамдылық және

            ұқыптылық болып табылады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji