«Сайлау – әркімнің ісі» атты дөңгелек үстел

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау құқықтарын саналы түрде жүзеге асыруына қажетті білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында колледжде «Сайлау – әркімнің ісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған шара 5 ақпанда өткізілді.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Айжан Мусатова-Албот болашақ сайлаушыларға сайлау үдерісіндегі азаматтардың құқықтары, сайлауды өткізудің түрлері мен тәсілдері, деңгейлері, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы мазмұнды мағлұмат берді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер сайлаудың қоғам өміріндегі маңызы, жастардың белсенді азаматтық ұстанымының рөлі және дауыс беруге саналы түрде қатысудың мәні жайында ой бөлісті. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, заманауи қоғамдық-саяси өмірден мысалдар келтірді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji