Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері Алматы облысындағы BigIdeasCamp 2025-ке қызу қатысуда!
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам студент бір апта ішінде идеяларын стартапқа айналдыру, интенсив сабақтардан өту, сарапшылармен кездесу және бизнес-баттлдарда өздерін сынау үшін Tay Samal лагерінде бас қосты.

👏 Біздің колледж атынан:
- Bagabook командасы — Алиса Колпакова, Ева Мальчикова, Лаура Жампейисова.
Студенттеріміз жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен қуаттанып жатыр.

BigIdeasCamp-ке қатысу — үздіктерден үйреніп қана қоймай, Қазақстандағы студенттік кәсіпкерліктің болашағын бірге қалыптастыру мүмкіндігі. Біз сенеміз: сол болашақты жасайтындардың ішінде біздің студенттер де бар!
