ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің 1 курс студенттері үшін қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеу, қазақ ұлттық ойындарын білуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өтті.

Дене тәрбиесінің оқытушылары асықтармен ойнайтын ойын түрлері туралы, асықтардың негізгі түрлері, ойындардың ерекшеліктері мен ережелері туралы айтты.

Бұл күні шараға қатысушылар «Асық ату», «Бес асық», «Үш табан», «Шеңбер жасап ату» ойындарында өз күштерін сынап көрді.

Іс-шара карантиндік шараларды сақтай отырып, дәстүрлі форматта өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji