«Тиімді оқыту. Оқушылармен кері байланыс»

2021 жылдың 11 наурызында қазақ және орыс тілдерінің оқытушысы, тәлімгер, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардың тренері С.Ж. Галимова «Жас педагог мектебі» оқытушылары мен бірінші курс оқытушыларына арналған «Тиімді оқыту. Оқушылармен кері байланыс» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Оқытушылар тиімді оқытудың стратегияларымен танысты. Сабақтың барлық кезеңдерінде кері байланысты сәтті ұйымдастыру маңызды, бұл топтың түсінігін үнемі бақылауға және назарын тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Оқытушыларға кері байланыстың түрлі нысандары берілді. Іс жүзінде оқытушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji