WorldSkills Pavlodar-2024: Дене тәрбиесі

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Дене тәрбиесі» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Pavlodar-2024» өңірлік чемпионаты басталды.
Чемпионатқа үш колледждің студенттері қатысады:

  • Каирбекова Алина, Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі;
  • Айткулов Асылхан, Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз жоғары колледжі;
  • Украинец Регина, Павлодар қаласы Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі.

Қатысушылар 4 және 5 сәуір екі күн ішінде спорттық-бұқаралық іс-шараның аэробты-би фрагментін, қазақ ұлттық ойындарын пайдалана отырып дене шынықтыру-сауықтыру сабағын және 5-сынып оқушыларына арналған дене шынықтыру бойынша оқу сабағын әзірлеуде және өткізуде өз шеберліктерін көрсетеді.

Студенттердің тапсырмаларды орындауын құрамына облыс колледждерінің педагогтері кіретін құзыретті сараптамалық кеңес бағалайды. Тәуелсіз сарапшы қызметін М.Қанапьянов атындағы Жоғары колледждің оқытушысы Алма Маратқызы Таржақаева атқарады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji