13 наурызда Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде жаңадан бастаушы электриктерге арналған шеберлік сабағы өтті.
Қатысушылар Ақсу қаласы мектептерінің тоғызыншы сынып оқушылары болды.
Атап өтерлігі, оқушыларға арналған шеберлік сабағы — бұл колледжіміздің болашақ талапкерлерге өзінің келешек мамандығын анықтауға көмектесу мақсатында тұрақты негізде жүргізетін кең ауқымды кәсіби бағдар беру жұмысының бір бөлігі.