«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК Қамқоршылық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 5-тармағын орындау үшін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ережелер негізінде қалыптастырылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған курстардың әрбір параллелінен колледжде білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін ағымдағы жылғы 01-10 ақпан аралығында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжіне 8(718)3750672; 8(718)3755725 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji