1001 мақал – 101 жұмбақ

Осындай атаумен Наурыз мерекесі қарсаңында «Жаяу Мұса» атындағы Ақсу қалалық колледжінің жатақханасында сайыс өтті.

Мақсат – қазақтың мақал-мәтелдерін , нақыл сөздерін дәріптеу,  студенттердің ой – өрісін кеңейту,  Отанға, туған жерге және  тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болды.

Сайыс үш кезеңнен  тұрды. Әр бөлімде  студенттердің халық ауыз әдебиетіне деген білімдері,  халқымыздың мақал – мәтелдері мен жұмбақтарын қаншалықты білетіндіктері сыналды. Қатысушылар сайыс барысында өз білімдерін шыңдап, үлкен әсер алды. Олардың аса қызығушылық танытқандары білек сыбана кіріскендерінен байқалды.

Сайыста дұрыс жауап берген қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы,  осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji