Береке күні

Ағымдағы жылдың наурыз айының он сегізінші жұлдызы күні «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне орай Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы Ақсу колледжінде «Береке күні» аталып өтті.

Бұл күн  береке-бірліктің күні. Бұл күні әр үй 7 адамға наурызкөже ішкізіп, бауырсақтан дәм татқызуы тиіс. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен. Көже – молшылықтың, ал бауырсақ – бірлік пен бауырластықтың белгісі.

Береке күнін студенттерге насихаттау мақсатында – колледж студенттеріне наурыз көже мен бауырсақ алаңы ұйымдастырылды. Бұл алаңда студенттердің басы бірігіп, студенттер наурыз көже ішіп, бауырсақтан дәм татты.

Аталмыш іс-шара студенттердің көңілдерінен шығып, олар өз ризашылықтарын, жылы лебіздерін білдірді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji