Игі істер марафоны

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде ойыншықтар жинау жалғасуда. Осы аптада акцияға Ақсу қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері қосылды. Игі істер жасауға колледж оқытушылары да, студенттері де асығуда. Санаулы күндер өткен соң, Наурыз мейрамына халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар өз сыйлықтарын алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Жақсылық жаса» акциясы «Игі істер марафоны»: жалпыұлттық жобасы аясында өтуде.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji