Бауырсақ party

«Жақсылыққа жақсылық жаса» – деген әннің бұл жолдары біраз уақыттан бері Жаяу Мұса атындағы АЖКК-нің үлкен ұжымы үшін ұранға айналды. Олар кезекті қайырымдылық акциясын «Бауырсақ party» деп атады.

Ең  бастысы атауы емес. Наурыз мерекесі қарсаңында колледж әкімшілігі мен еріктілерінің  бірлесіп, игі іс жасағаны өте маңызды.

Олар қала орган қызметкерлеріне қазақ халқының дәстүрлі тағамы – бауырсақ ұсынды.  Еріктілер бауырсақты ТЖБ, полиция бөлімі, жедел жәрдемнің қабылдау бөлімі және жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді…

Қайырымдылық акциясы қала тұрғындарын қуантып қана қоймай, жақсы, жылы естеліктер қалдырды.

Жалпы, іс-шара Наурыз мейрамына орайластырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji