«Жақсы істер марафоны» жалпыұлттық жобасы

Ақсу қаласының Камзин көшесінің тұрғындары үшін 21 наурыз күні таңы жағымды тосын сыйлармен басталды.

Ертегі кейіпкерлері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады!

Бүкіл ауданды домбыраның әуезді үні мен баян даусымен тұрғындардың қошеметіне ие болып көктемгі көңіл-күй сыйлаған Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің мәдениет бөлімінің оқытушылары мен студенттері болды! Мерекелік шараның ұйымдастырушылары

«Наурыз құтты болсын», «Наурыз құт-береке әкелсін» – деп үлкен-кішіге ақ тілектерін жаудырды!

Мерекелік радио-концертпен аяқталған іс-шара «Жақсы істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji