Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Оқуға шақырамыз » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Оқуға шақырамыз


Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі (Павлодар облысы) «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобаны жүзеге асыру шеңберінде оңтүстік аймақтың жастарын дайындауға мемлекеттік тапсырыс алды.
11 сынып түлектерін 0901000 «Электр станса мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша оқу үшін біздің қалаға келуге шақырамыз.
Өндірістің электрэнергети
калық саласы - Республика экономикасының ең озық және болашағы мол салалардың бірі болып табылады. Онда білікті қызметкерлердің жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтан студенттің электрэнергетика саласында техник-электрик біліктілігін алу – жалпы мемлекеттің және өзінің әл-ауқатын қамтамасыз етуге маңызды қадам болып табылады.
Колледж аталған мамандық бойынша «Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» жобасы «Институционалдық даму жоспары» 3.3 компоненті бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындары арасында грантты үлестіру бойынша сайыстың жеңімпазы атанды. Оқу үдерісінде типтік оқу жабдықтарының жинағы; мультимедиялық және компьютерлік жабдықтар; станоктар, мемлекеттік және орыс тілінде оқу әдебиеттері сатып алынып, қолданылады.

Колледж екі типтік ғимаратта орналасқан, жалпы аумағы 19442 м2. Оқу корпусында 75 кабинет, 16 шеберхана, 1 зертхана, 10 компьютерлік сынып, спорт комплексі, екі мәжіліс залы, асхана, буфет бар. Коллежд жатақханасыда тұру үшін жағдай жасалған.
Марапаттаулар, халықаралық жобаларға қатысу:
- Колледж студенттері «Электромонтер мамандығы бойынша үздігі» республикалық байқауының жеңімпазы, «Еуразияның зияткерлік көшбасшысы», «Оқырман Еуразия» ғылыми-зерттеу халықаралық және шығармашылық жобалар, «Мельпомена-2013» балалар мен жастар театр ұжымдарының республикалық фестивальдарының призёрлары;
- ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған республиканың колледждері арасында «Болашақ осында басталады» инновациялық жобалардың 1- Республикалық байқауында 2 орын иеленді.
- ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған оқушылардың кәсіптік құзыреттілгі аймақаралық байқауында 1 орын иеленді.
- Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының колледж студенттері арасында ғылыми жобалар «Өмірлік кеңістіктің экологиясы» халықаралық конкурсында Гран-При иеленді.
- Өскемен қаласында («Электр станса мен желілердің электржабдықтары», «ЖЭС жылу энергетикалық қондарғылары» мамадықтары бойынша) ТжКБ студенттері арасында аймақаралық «Ең үздік маман» кәсіби байқауында 2 және 3 орынды иеленді.
- Ақпараттық технологиялар «IT-Планета 2012/13» Студенттік олимпиаданың халықаралық финалында «Web дизайн» конкурсында 1-ші орын, (Киев, 2013), Ақпараттық технологиялар «IT-Планета 2013/13» VII-ші Халықаралық студенттік олимпиаданың іріктеу турынында 1-ші орын - Астана, 2014.
- Мәдениет бөлімінің оқушыларының шығармашылық ұжымдары «Ертіс жұлдыздары», «Жастар Дельфийлік ойындар», «Хрустальный звон», «Қазақстан халықтарының мәдениеті мен өнері фестивалі», «Ертіс-достық өзені», «Сібір жұлдыздарды жағады» халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары.
- Қыздар мен ұлдардың құрама командасы колледждер арасында облыстық спартакиаданың жалпы командалық есепте тұрақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
- Колледж спортшылары - әлем чемпионатының қатысушылары, Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен чемпиондары, саналуан спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелері.


Колледждің мекен-жайы: 140100 Павлодар облысы,
Ақсу қаласы, Астана к-сі, 1
телефон (7182) 650124, 650125 факс (71737) 50672
e-mail – aksucollege@mail.ru, сайт – www.cjm.kz