Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Дені саудың – жаны сау » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Дені саудың – жаны сау

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы және дұрыс тамақтануы керек. Салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру тиіс.

Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу оқытушылардың басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Ұсынылып отырған PowerPoint арқылы жасалған көрмелер оқытушылар, мұғалімдер сынып сағаттарында, сабақтан тыс шараларда қолдануға бағытталған. Қазақ тілінде материал аздығын ескере отырып ұсынылып отырған мемлекеттік тілде беріліп отыр.

Матаева А.С.


Презентации:



Загрузить: 1.ppsx [2,66 Mb] (cкачиваний: 8)     Загрузить: 2.pps [2,15 Mb] (cкачиваний: 9)




Загрузить: 7.ppsx [469,04 Kb] (cкачиваний: 7) 8.ppsx [368,9 Kb] (cкачиваний: 9)




Загрузить: 9.ppsx [545,24 Kb] (cкачиваний: 11)     Загрузить: 10.ppsx [384,54 Kb] (cкачиваний: 4)




Загрузить: 1d.pps [478,5 Kb] (cкачиваний: 10)     Загрузить: 2k.pps [2,19 Mb] (cкачиваний: 9)




Загрузить: 3n.pps [2,52 Mb] (cкачиваний: 19)     Загрузить: 4a.pps [2,16 Mb] (cкачиваний: 25)



Загрузить: 11.ppsx [1,63 Mb] (cкачиваний: 12)