Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Жұмысқа орналасу » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Жұмысқа орналасу

Техникалық және кәсіптік білім берудің заманау кезеңінде дамуында адамның сана сезімін белсенді жетілдіру үрдісі және оның тұлға ретінде кәсіптік қалыптасуы байқалады.

Бітіруші түлектердің мансаптық өсуі мен кәсіптік бейімделу сұрағы мемлекеттік саясаттың басымдылығы болады.Болашақ студенттер үшін көз тартарлық және колледж мәртебесі жұмысқа орналастыру сапасы мен білім берудің сапасынан жиналады. Ақсу колледжі түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші бүтіндей ойдағыдай.2015 жылдың түлектерінің жалпы саны -302адам:алдын ала жұмыспен қамтылады-214; жоғары оқу орнында оқуды жалғастырады-47; басқа себептер (қарулы күштерде қызмет етеді, декреттік демалыс, ҚР шекарасынан және облыстан шығу)-41

Практикалық тәжірибенің болуы біздің оқушыларға колледжді аяқтаған соң қаланың, облыстың және ауданның әр түрлі мекемелеріне, кәсіпорындарына, ұйымдарына еңбекке орналасу кезінде көп көмегін тигізеді, жаңа ұжымда тез бейімделуге ықпал етеді, бұның барлығы түлекке өзін толық күйде іске асыруға мүмкіндік береді.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі түлектерді еңбекке орналастыру бойынша мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді. Ол келесі бағыттар бойынша іске асырылады:

1. Қаланың және облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен түлектердің кәсіптік практикадан өтуіне және еңбекке орналасуына ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу. Колледж ауданның кәсіпорындарымен және ұйымдарымен келісімшартқа отырды. Болашақта жұмысқа орналасу құқығымен оқушылардың қала және облыс кәсіпорындарында практикадан өтуінің ұзақ мерзімді жүйесі құрылды.

2. Еңбекке орналасу мәселесіне кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жұмыс ықпал етеді. Бұл қызметтің қорытындысына оқушылар практикадан өткен кезде практикалық тәжірибе ала келе, колледжде оқу курсы аяқталған соң кәсіпорындармен жұмысқа шақырылатыны (бос орын болған жағдайда) немесе келешекте еңбекке орналасу мүмкіндігімен мәліметтер банкіне енгізілетіндігі жатады. Колледждің кәсіпорындармен тығыз байланыс жасауының арқасында жас мамандарға өндірістік практиканы белгілі жұмыс орнында өту мүмкіндігі ұсынылады, бұл көбінесе олардың болашақтағы кәсіптік маңыздылығына әсер етеді.

3. Аймақ кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің басшыларымен, кадр агенттіктерімен қалыптасқан тура байланыс жасау арқылы түлектерге еңбекке орналасу кезінде және нарықтық жағдайда өздігінен жұмыс іздеу технологиясын жетілдіру бойынша түлектер үшін жиналыстар ұйымдастыру арқылы қолғабыс ету (түйіндеме жазу, жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзін-өзі ұстауы және т.б.).

4. Колледждің қала шеңберінде өткізілетін Вакансиялар жәрменкесіне қатысуы. Бұл жұмыспен қамту орталығымен тығыз серіктестік орнатуға және жұмысқа орналаспаған түлектерге бар вакансиялар туралы ақпаратты уақытымен жеткізуге мүмкіндік береді.

5. 2020 жұмыспен қамту Бағдарламасына біздің түлектедің қатысуы.Жыл сайын біздің түлектер Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылады.




Жұмысқа орналастыру



Жұмысқа орналастыру мониторингі



Біздің түлектердің еңбекке орналасу өзгешелігін айқындау қажет:

1. Өз бетімен жұмысқа орналасу-50%;

2. Қолдау бойынша жұмысқа орналасу (таныстар, ата-ана, туыстар)- – 15%;

3. Оқу орынның жәрдемдесуі арқылы жұмысқа орналасу (колледж) - 30%;

4. Мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың сұранымы бойынша жұмысқа орналастыру- 5 %

Ақсу колледжі түлектерінің жұмысқа орналасу алдыңғы үш жылдың талдауы көрсетті, жұмысқа орналасу пайызы қалыпты 71-75%, жоғры оқу орнына түскілері келетін түлектердің пайызы жоғарылады. Басқа да себептер –қарулы күштерде қызмет ету, декретті демалыс, ҚР және облыстың шекарасынан шығу. 50% түлек өндірістік тәжірибені өту жерлеріне жұмысқа орналасады.

Түлектердің жұмысқа орналасу сауалы бойынша біз белсенді жұмыс жүргіземіз:
• «Ақсу қаласының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығы»ММ
• Ақсу қаласының халықтарды жұмыспен қамту орталығы
• «ЕЭК»АҚ адамзат ресурстары басқарма бөлімі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром ТҰК» АҚ
• Басқа да ұйымдар мен мекемелер,кәсіпорындардың кадрлық агенттігі