Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/show.full.php on line 294 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Конкурс молодых поэтов » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Жас ақындар сайысы

Автор: Enix 21-10-2011, 12:02, қарап шықты: 1151, түсіндірмелер: 0

2011 жылғы 21 қазанда Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің кітапханасында студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 20-жылдығына орай және Ақсу қаласының 50-жылдығына арналған жас ақындар сайысы өтті. Сайыс бағдарламасы екі айналымдан құралды, колледждің барлық бөлімдері қатысты. Бірінші айналымда әйгілі қазақ ақындары Абай, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Бекқожинның қазақ және орыс тілдерінде халық достастығы, Қазақстан табиғаты, салт-дәстүрлер туралы өлең оқылды.

Бұл айналым өте қызықты өтті. Қатысушылар өлеңдерінде өз қаласын, қала тұрғындарын, олардың өзара қатынастарын масаттана суреттеді, қазақстандықтардың жетістіктері мен табыстары туралы жырлады. Өлең оқығандары жарқындығымен, қызуымен көз тартты, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Әділ қазылар алқасы колледж ұстаздары Д.Қ.Закирьянова,Б.М.Жакипова және бас есепші А.М.Бекбаева қорытындысын шығарғанша, сайыстың жүргізушілері «Тәуелсіздіктің тарихын білесін бе» атты викторина өткізді және қонақтардың алдында мәдениет бөлімінің оқушылары Н.Шакенов, Г.Батай өнерлерін көрсетті. Мәдениет бөлімінің ұстазы Багира Мұсабекқызы Жакипованың авторлық өлеңін Меруерт Өмірбектін орындауында тамашаладық.

Әділқазылар алқасы конкурс қатысушылардың белсенділігі мен дарындылығын белгіледі, конкурс жеңімпаздары анықталды. Ж-21 топ оқушысы Ш.Қабдынасыров үшінші орынға ие болды, екінші орынды Дш-32 топ оқушысы О.Кәкімжанов иеленді, Батай Гулчекер кітапхана бөлімінің оқушысы бірінші орынға ие болды.

Колледж әкімшілігі кітапханашыларды қолдап, осы сайысқа қаржылай көмегін көрсетті. Женімпаздарымыз ақшадай сыйлықпен және мадақтамалармен марапатталды.


Конкурс молодых поэтов Конкурс молодых поэтов

Конкурс молодых поэтов Конкурс молодых поэтов

Санат: Жаңалықтар / Новости

Құрметті қатысушы, сіз сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Сізге тіркелуін ұсынамыз, немесе сайтқа өз атыңызбен кіріңіз.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.